Жарнама
ЖаңалықтарБЕЙНЕЖАЗБА

Атыраудағы газ химия кешені алаудың жану себебін түсіндірді

Бүгін әлеуметтік желілерде алау жанып жатқан видео тарады.

«KPI inc» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, полипропилен өндірісі бойынша интеграцияланған газ-химия кешеніндегі электрмен жабдықтау желісінде ақау болған.

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС полипропилен өндіру бойынша біріккен газ-химия кешенінде («KPI Inc.») электр өшуіне байланысты өндіріс жартылай тоқтады. Бүгін сағат 10:59 бен 11:11-де «KEGOC» АҚ желілерінде қысқаша тұйықталу орын алып, “KPI Inc.” компаниясын жарықпен қамтамасыз ететін «KUS» ЖШС газтурбиналық электр станциясының апатты түрде тоқтауына себеп болды. Осының салдарынан «KPI Inc.» ЖШС жұмысында технологиялық ақау орын алып, компрессорлар, технологиялық жабдықтар тоқтап, пропан мен полипропиленді дегидрлеу өндірісі апатты түрде тоқтатылды.

Автоматты режимде өндірістің қауіпсіз тоқтатылуын қамтамасыз ету үшін жоба бойынша барлық технологиялық операцияларды сақтай отырып, пропанды дегидрлеу қондырғысынан факелге шығарындылар жіберілді», — -деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Айта кету керек, жағындының құрамы зиянсыз, ол газ плиталарында жанатын газға ұқсайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button