Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атыраудағы Covid -19 жұқтырған 13 науқастың жағдайы тұрақты

Atr.kz/31 наурыз, 2020 жыл. Қазіргі таңда науқастардың  ауру белгілері  жеңіл өтіп жатыр, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дәрігерлер Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған он үш адамның жағдайы туралы мәлімет берді.  Олардың айтуынша, пациенттердің көпшілігінде ауру  асимптоматикалық жағдайда өтуде. Ауруханаға жатқызылған екі науқаста жеңіл жөтел мен  дене қызуының  37 — 37,5 градусқа дейін көтерілуі байқалады. Негізінен емделушілердің  жағдайлары тұрақты, денсаулықтарында нашарлау белгілері жоқ.

— Бүгін, 31 наурызда келген он үшінші науқастың жағдайы алаңдаушылық туғызбайды. Ол өзін жақсы сезінеді,  шағым жоқ, — деп түсіндірді Денсаулық сақтау басқармасынан.

http://atr.kz/bez-rubriki/t%d3%a9tenshe-zha%d2%93daj%d2%93a-oraj-42-500-te%d2%a3ge-alatyn-azamattar-tizimi-ke%d2%a3ejtildi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button