Атыраудағы ауыл шаруашылығының ахуалы…
Atr.kz/15 қараша, 2019 жыл. Жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісінде аталып өтетін кәсіби мереке – Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнін облыс шаруагерлері толымды табыспен қарсылап отыр.
Мұны агроөнеркәсіп кешенінің тоғыз айдағы даму қорытындыларынан айқын аңғаруға болады. Есепті мерзімде облыста өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 57,7 млрд. теңгеге жуықтап, өткен жылдың сәйкесті кезеңіндегіден 117,8 пайызға артты. Саладағы жетістіктер, жүзеге асырылған жобалар және болашақтағы жоспарлар жайлы әңгіменің түйінін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Нұрлыбаев тарқатты.
– Қайрат Есқабылұлы, а л д ы м е н а у ы л шаруашылығы саласының экономикалық даму к ө р с е т к і ш т е р і н е тоқталсаңыз?…
– Бүгінгі таңда өңірдің агроөнеркәсіп кешенінде 2 680-нен астам шаруашылық құрылымы тіркелген болса, соның тең жартысынан көбі атакәсіпті таңдаған. Қазір аграрлық салада 32 несие серіктестігі, 12 жеке кәсіпкер, 3 сервистік дайындау орталығы, 44 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 2590 шаруа қожалығы жұмыс істейді.
Биылғы жыл басынан бері ауыл шаруашылығы субъектілерін субсидиялауға 14 бюджеттік бағдарлама шеңберінде 3,3 млрд. теңге қаражат бөлінді. Соның ішінде егіншілікке – 226, мал шаруашылығына – 892 млн. теңге және инвестициялық субсидиямен қамтамасыз етуге 1,8 млрд. теңге шамасында қаржы бағытталды. Тоғыз айда төрт түліктен өсімге қол жетті. Барлығы 33,8 мың тонна ет, 50,3 мың тонна сүт және 90,7 млн. дана тауық жұмыртқасы өндірілді.
– К е й і н г і к е з д е егіншілікте елеулі ілгерілеу бар. Осы жөнінде толығырақ айтып берсеңіз.
– Биыл облыстағы егістік жер көлемі 8 933 гектарға дейін ұлғайтылды. Күзгі жиын-терім жұмыстарының нәтижесінде 27 310 тонна картоп, 81 951 тонна көкөніс және 34 179 тонна бақша өнімдері жиналды. Соңғы жылдары тәжірибеде тиімділігін дәлелдеген тамшылатып суару тәсілі табыс көзіне айналды. Осы технологиямен баптапкүтілетін егіндіктің көлемі 2 800 гектарға ұлғайтылып, жалпы егістіктің 32 пайызын құрады.
Салада қабылданған үш бюджеттік бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жалпы сомасы 139,3 млн. теңге субсидия берілді. Бұл қаражат егін шаруашылығында п а й д а л а н ы л а т ы н тыңайтқыштардың, су жеткізу қызметінің құнын өтеуге, сондай-ақ, өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданылатын химиялық препараттарды сатып алуға жұмсалды.
Жылыжай кешендерінің аумағы 17 гектарға жуықтады. Тек былтырдың өзінде Жылыой ауданында екі гектар жылыжай іске қосылды. Өңірдегі 44 жылыжай шаруашылығынан 2 500 тоннаға тарта өнім алынып, көкөністің жыл бойына тұтынушы дастарханынан үзілмеуіне септесті. Қамтылып отырған кезеңде тауар өндіруші субъектілер 104 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын лизингтік әдіспен сатып алды.
– Аймақтағы суарусуландыру жүйелерінің ахуалы туралы не дейсіз?
– Облыста 2017-2028 жылдар аралығында суармалы алқаптарды қалпына келтіру, жаңадан игерілгендерін егістік жер айналымына
қосу арқылы оның көлемін 21,8 мың гектарға жеткізу бағытында болжамдалған ісшаралар кешені пысықталып, нақты жұмыстар атқарылуда.
«Қазсушар» РМК Атырау филиалының теңгеріміндегі 14 суару-суландыру жүйесін А у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы министрлігінің келісімімен уақытша коммуналдық меншікке алып отырмыз. Соның нәтижесінде, өткен жылы «Тереңөзек» каналы күрделі жөндеуден өткізілді.
Ендігі кезекте «АлғабасЖорық» «Сарыөзек», «Алға-Егіз» каналдарына осындай жұмыстарды жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Қалған 11 суару-суландыру жүйесін қалпына келтіру мақсатында жергілікті бюджеттен 188 млн. теңгеден астам қаржы қаралып, дайындық жұмыстары қолға алынды.
Шаруашылық нысандарын сумен жабдықтауға жауапты мекеменің материалдықтехникалық базасын нығайту үшін соңғы үш жылда жергілікті бюджеттен қаралған 427 млн. теңгеге 17 бірлік арнаулы техника сатып алынып, сенімгерлік басқаруға берілді.
– А г р о ө н е р к ә с і п к е ш е н і н д е ж ү з е г е асырылып жатқан қандай инновациялық жобалар бар?
– Бұған байланысты да көптеген дерек-дәйектерді келтіруге болады. Мәселен, Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округіне қарасты «Сағиева» шаруа қожалығы сыйымдылығы 8 мың тонналық көкөніс, картоп дақылдарын сақтау қоймасын іске қосып, 80 гектар егіндікке тамшылатып суару технологиясын енгізсе, «Балмұханов» пен «Кан» ШҚтары да бірі – 70, екіншісі – 50 гектар алқапқа осы тәсілді қолданып отыр. Ал, Индер ауданындағы «АсылАгро» шаруа қожалығы осындай технологиямен баптап-күтілетін егіндіктің аумағын 140 гектарға дейін ұлғайтты.
Ал, «Сабуров» пен «Дастан» ШҚ-тары өздеріндегі жылыжай кешендерінің көлемін кеңейтті. Сондай-ақ, Құрманғазы ауданындағы «Бұйырғын» өндірістік кооперативі 40 мың дана бройлер өсіріп, тауық етін өндіру жобасын бастады. Қазір жобаның бірінші кезеңі жүзеге асырылса, жыл соңына дейін екіншісін іске қосу жоспарланды. Қызылқоға ауданындағы «АбердинАнгус-Атырау» ЖШС мүйізді ірі қара түлігін бордақылау кешенін салуды ұйғарды. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қажетті техника мен мал сатып алынды.
Сайып келгенде, осының бәрі агрокешенді алға жетелер өміршең жобаның өрісінің кең екенін меңзегендей.