Махамбет Досмұхамбетов үш ауысымды мектептерді сынға алды

Білім

Atr.kz/19 ақпан, 2020 жыл.  Аймақта үш ауысымды 12 мектеп бар. Оның барлығы Атырау қаласында орналасқан.

Бұл білім сапасының төмендеуіне айрықша әсер ететінін айтқан облыс әкімі бұл олқылықтарды жою қажетігін алға қойды.
– Президенттің өзі атап өткендей, қала мен ауыл мектептерінің орта білім саласындағы алшақтығы қатты байқалады. Біздің есептеуімізше, екі жылға жуық айырма бар. Бұл олқылықты жойып, білім сапасына ерекше мән беруіміз қажет, – деген аймақ басшысы бұл ретте аталмыш салада заман көшінен қалмау қажеттігін де баса айтты.

«Біз көбінесе оқушылардың проблемаларына ғана көңіл бөлумен шектелеміз. Ал, оқытушыларымыздың білім-білігі бүгінгінің талаптарына қаншалықты сай келетініне бас қатырмаймыз. Сол себептен, педагогтардың де деңгейін зерделеуіміз керек. Қай жері олқы, қай тұсы әлсіз екенін анықтау маңызды. Соған сай олардың да біліктілігін жетілдіріп, оқытып, жаңа әдістемелермен жарақтандырып отырсақ ұтамыз» деді Махамбет Жолдасқалиұлы.

http://atr.kz/bez-rubriki/biyl-atyrauda-o%D2%9Bushylar-zh%D3%99ne-zhastar-sarajyny%D2%A3-%D2%9B%D2%B1rylysy-aya%D2%9Btalady/

Сондай-ақ, облыс басшысы бұл мәселелер күн тәртібінен түспейтінін ескертіп, шалғай ауыл-аймақтағы талапты жастардың «Ел үміті» сынды бағдарламаларға белсенді қатысуын қамтамасыз етуді және проблемаларды жоюда облыстық білім беру басқармасына ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.


Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз