Жарнама
Жаңалықтар

Атыраудағы APEC жоғары колледжінде 200 орын дайын

Жылыой ауданындағы су тасқыны апаты орын алғаннан бастап облыс орталығындағы білім беру мекемелері эвакуациялық орталық ретінде белгіленгені белгілі. Бүгінгі күні Атырау қаласындағы 50 мекеме табиғат апатынан зардап шеккен тұрғындарды қабылдауға дайын. Оның 9-ы колледж, қалғаны мектептер.
Құлсарыдағы су тасқыны кезінде көшірілген тұрғындардың бір легі APEC жоғары колледжінің жатақханасына орналасады. Аталған оқу орнының бас инженері Бауыржан Қалидуллиннің айтуынша, дәл қазір жылыойлықтар үшін жатақхананың 3 павильонынан 200 орын дайын. Қажет болған жағдайда қосымша 1 павильоннан орындар қосатынын айтты. Төсек-орын, жуынатын заттары да бар.
Ал, оқу орны жанындағы “Избасов” жеке кәсіпкерлігінің асханасы тегін үш мезгіл тамағын ұсынады. Айта кетелік, аталған жеке кәсіпкерлік қаладағы 50 еріктіге ыстық бауырсақ, бөлке тамақтарын да таратты.
Ақарыс АЙДАРБЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button