Атырауда жылу бағасы арзандады

itьiьittьitiьi Жаңалықтар

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ – АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ТҰТЫНУШЫЛАРЫ ҮШІН ЖЫЛУ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕТІЛДІ.

Бұл туралы Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Әлібек Төлеп хабарлады. Оның айтуынша, бұл өзгеріс «Табиғи монополияларды реттеу туралы» заңда қарастырылғандай, стратегиялық тауарлар құнының және оларды тасымалдап жеткізу тарифтерінің немесе бағаларының өзгеруімен, сондай-ақ, көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюымен байланысты енгізіліп отыр.

Осыған орай, өңірдегі бірден-бір жылу энергиясын өндіруші кәсіпорын – «Атырау жылу-электр орталығы» акционерлік қоғамы осыған дейін қолданыста болып келген жылу энергиясын өндіру және жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтерді қайта қарап, тиісінше шешім қабылдады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз