Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Атырауда жыл үздіктері анықталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында ZOOM-мен «Жыл үздіктері» және «Үздік жоба» байқауының марапаттау шарасы өтті.

Филиал директоры Жаннат Нұртілеуованың айтуынша, облыстың мемлекеттік қызметшілері ел игілігі жолында жоғары нәтижелерге қол жеткізген.

— Мемлекеттік қызметшілердің халыққа қызмет ету, мемлекеттік қызметті оңтайландыру, мақсатқа жедел қол жеткізудің тиімді әдістерін үйрену, жобаларды дайындаған мемлекеттік қызметшілерді марапаттау, жобаныңжүзеге асырылуына жетекші ретінде филиал тарапынан ықпал ету мақсатында ұйымдастырылып отыр, — деді Жаннат Асылбекқызы.

Өз кезегінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алғыс хатын Әсет Тұяқбаев, Аманжол Қонысбаев және Назерке Аязбаеваға табыстады.

Сондай-ақ, «Үздік оқытушы» байқауының қорытындысы да белгілі болды. Мемлекеттік қызметшілердің оң беделін қалыптастыруға және олардың кәсіби білік-дағдыларын арттыруға қосқан елеулі еңбегі  үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімов, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева, Атырау қалалық сотының судьясы
Марал Саримова аталған байқаудың үздіктері деп танылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы  – мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны.

Аталған білім мен біліктілік ордасында мемлекеттік қызметшілер заман талабына сай трансформацияланып, парасаттылығын дамытуға, мансаптық өсуге мүмкіндік алады. Әрбір қайта даярлау курстары және сала бойынша арнайы біліктілік арттыру семинарларынан өткен тұлғаның жауапкершілігі де жоғарылайды.

gos akademiя marapat 2

Мемлекеттік қызметшілердің арасында ұйымдастырылған «Үздік тыңдаушы» байқауының номинацияларының үздіктері анықталды. Атап айтқанда, «Полиглот» тыңдаушы — Махамбет ауданы Бақсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Венера Нұртілеуова, «Белсенді» тыңдаушы — Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиева, «Креативті» тыңдаушы — Исатай ауданы Исатай ауылдық округінің әкімі Асылан Ғұбаш.

2020 жылы академия филиалында барлығы 39 жоба қорғалды. Алайда, комиссия сараптамасымен «Үздік» 3 жоба — «Жоңышқа», «Шаңырақ Life» және «Этно-лагерь «DENDER» жеңімпаз болды.

Иә, жоғары білікті кадрлар қашан да мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі. Демек, мемлекеттік қызметшілердің ел игілігі жолындағы қызметі жалғасын таба бермек.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button