Жаңалықтар

Ресейдің Челябинск қаласында ректорлар форумы басталды

Мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастықтың XIV форумы шеңберінде екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумы басталды. Оңтүстік-Орал мемлекеттік университетінде өтіп жатқан шарада ректорлар Одағы мен кеңесі қызметінің маңыздылығы, олардың білім саласын дамытудағы рөлі сөз болды. Форумды ашқан Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры, Ресей ректорлар Одағының президенті Виктор Садовничий, инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, ғылымды өркендету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

BpjVp-X67cU

«Ғылым саласындағы заңдылықты жаңғырту — заман талабы. Осыдан жиырма жыл бұрын қабылданған заң ескірді. Заманауи теxнологияларды енгізе отырып, білімді дамытуымыз керек»,-деді ол.

Ал, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ректорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Сыдықов, дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараның тұңғыш рет форум аясында өтуі оның ерекшелігін айқындайтынын атап өтті.

Сондай-ақ, ректорлар басқосуында адами капитал бәсекелестігін арттырудағы негізгі фактор, заманауи жоғары оқу орындарының инновациялық қызметін дамыту жайы қозғалды.

Айбөпе Сабырова

РФ, Челябинск қаласы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button