![Атырауда жыл соңына дейін көпқабатты 10 үй қолданысқа беріледі 1 rttghghhhhghg 870x400 1](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/06/rttghghhhhghg-870x400-1.png)
Жаңалықтар
Атырауда жыл соңына дейін көпқабатты 10 үй қолданысқа беріледі
Өңірде көпқабатты 52 тұрғын үй салынып жатыр. Бұл туралы аймақ басшысы Серік Шәпкенов ОКҚ мәлімдеді.
— Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету – аса маңызды әлеуметтік міндет. Қазіргі таңда облыс бойынша тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрған азаматтардың саны – 29 437. Қазіргі таңда облыста көпқабатты 52 тұрғын үй салынып жатыр. Мұнда бас-аяғы 3 382 пәтер болады. Олардың жалпы ауданы – 300 мың шаршы метрге жуық, – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, аймақта жыл аяғына дейін 944 отбасыға шақталған көпқабатты 10 тұрғын үй пайдалануға беріледі.