Атырауда жыл басынан бері 88 мемлекеттІк қызметші ант қабылдады 

93ec57a4 69be 4208 ba7e 71e36d45680e Жаңалықтар

25 қазан – Республика күніне орай, мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметшілердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.

 Атап айтсақ, Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі, Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімі аппараты және облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің жас мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік қызметті адал атқаруға ант қабылдады.

 Ант қабылдау рәсіміне мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар аянбай еңбек еткен сала ардагерлері де қатысып, жас қызметкерлерге сәттілік тіледі.

Атап өту қажет, сынақ мерзімін сәтті өткерген мемлекеттік қызметшілер ҚР Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халыққа адал әрі кәсіби қызмет етуге салтанатты түрде ант береді.

Есептік ақпаратқа сүйенсек, жыл басынан бері 88 мемлекеттік қызметші ант қабылдаған. Олардың 38-і жергілікті атқарушы органдарда еңбек етсе, 50 қызметкер орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде қызмет атқарады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз