Атырауда жыл аяғына дейін 25 үй пайдалануға беріледі
«Қазіргі таңда аймақта 50 үйдің құрылысы жүруде, оның 25-і биыл жыл аяғына дейін қолданысқа беріледі. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов
Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте айтты» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Биылғы жылдың 5 айында 291 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, яғни бұл 2 145 пәтер. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63%-ға жоғары» деп атап өтті аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.
Атап өтерлігі, биыл облыста тұрғын үй құрылысы үшін 2 747 жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу бойынша жұмыстар атқарылуда.
Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг беруде.