АТЫРАУДА «ЖЫЛ АДАМЫ – 2021» АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінде мұнайлы өңірдің дамуына үлес қосқан түрлі саланың үздіктерін дәстүрлі марапаттау салтанаты өтті.
Шараға Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қатысып, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында еселі еңбек етіп жүрген жандарға алғысын білдірді.
Аймақтың тыныс-тіршілігіне жыл он екі ай атсалысқан үздіктер 14 аталым бойынша іріктелді.
Атап айтқанда, «Жылдың мемлекеттік қызметкері», «Мәдениет қызметкері», «Жыл мұғалімі», «Жыл спортшысы», «Жылдың құқық қорғаушысы», «Жыл дәрігері», «Жыл құрылысшысы», «Әлеуметтік саланың жыл қызметкері», «Жыл кәсіпкері», «Жыл журналисі», «Ауылшаруашылығы саласының қызметкері», «Коммуналдық саланың жыл қызметкері», «Жыл депутаты», «Белсенді депутат» аталымдары бойынша үздіктер анықталды.
Ал, «Жыл адамы-2021» марапаты облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Баймолдаеваға табысталды.
Ерекше айта кетейік, биылғы
“Жыл журналисі-2021” аталымымен әріптесіміз “Atyray” газетінің шолушысы Гүлжан Әмірова марапатталды.