Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда «Жүректен жүрекке» қорының еріктілері құлсарылық оқушыларға оқу құралдарын жеткізеді

Республикалық “Мектепке жол” акциясы аясында қоғамдық қор өкілдері құлсарылық 400 оқушыны қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуді жоспарлады.

«Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры мен Теңізшевройл компаниясының қолдауымен өтіп жатқан акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының мектеп жасындағы балалары оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі.

“Акция екінші мәрте өткізілуде. Сондай ақ, «Теңіз жүрегі» еріктілері 400 дана сөмкені қажетті құралдармен жинақтап, 20 тамыз күні Жылыой ауданына жөнелтуді жоспарлап отырмыз”-деді «Теңіз жүрегі» жобасының жетекшісі Рысты Жексенбаева.

Еске сала кетелік, «Теңіз жүрегі» жобасы 2023 жылдан бері іске қосылды. Өткен жылы «Мектепке жол» аясында «Теңіз жүрегі», «Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры ТШО компаниясымен бірлесіп, 400 оқушыны мектепке дайындауға атсалысқан болатын. Игі шара биыл да жалғасын тауып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button