Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жүгіруден марафон өтеді

Атырау қаласында 13 қазан күні жыл сайынғы дәстүрлі «Atyrau Marafon-2024» марафоны өтеді. Бұл туралы журналистерге арналған баспасөз конференциясында мәлім болды. 2017 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан спорттық жарыс биыл ерекше қатысушылармен айрықшаланады.

08401626 f5c9 481f b762 13dd033537a1

Биыл марафонға 2000-нан астам адам тіркелген. Оның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясынан 500-ге жуық қатысушы бар.
-Марафонның басты міндеті — салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында спортқа деген қызығушылықты арттыру. Салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардан мықты ұрпақ қалыптасады, ал мұндай ұрпақ іргесі берік елді қалыптастырады. Сондықтан, мен барлық атыраулықты марафонға қатысуға шақырамын, — деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.

Жарыс ұйымдастырушысы Алтынай Демесінованың айтуынша, марафонның әуесқой спортшылар үшін маңызы зор.


-Қатысушылардың қауіпсіздігі — басты назарда. Олар жарыс барысында су және тамақпен қамтамасыз етіледі. Оған жергілікті әкімдік, «Арнаулы көлік базасы», облыстық полиция департаменті және «Халық банк» сақтандыру бөлімі қолдау көрсетеді. Жарысқа 16 жасқа толған барлық азамат қатыса алады, — деді ол.

Марафон сағат 07:00-де басталады. Жүгіру аумағы — қала орталығының Қ.Сәтпаев даңғылынан “Авангард” шағынауданына дейін. Осы маршрут бойынша көлік қозғалысы сағат 07:00-ден 13:00-ге дейін шектеледі. Жалпы жүлде қоры — 7 миллион 800 мың теңге, ал марафоншылар 5, 10, 21,1 және 42,2 шақырым қашықтыққа жүгіреді.

Тоғжан ЕРМЕК

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button