Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда «жұбайымды соққыға жықтым» деп жалған хабар берген тұрғынға айыппұл салынды

«41 жастағы қала тұрғынының полицияға алкогольді ішімдік ішкен күйінде хабарласқаны белгілі болды» деп хабарлайды  Atr.kz

Мас күйінде жалған хабарлама берген қала тұрғынына 43 755 теңге айыппұл салынды.

Оқиға 18 ақпан күні сағат 22:50 шамасында болған. «Авангард» мөлтек ауданындағы көп қабатты пәтерлердің бірінде тұратын 41 жастағы азамат заңды некедегі жұбайын өзінің соққыға жығып жатқандығын айтып, хабарлама берген.

«Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары барған уақытта, аталған азаматтың орта дәрежедегі ішімдік ішкен күйде жалған хабарлама бергендігі анықталды. 41 жастағы тұрғын өзінің жасаған іс-әрекетіне ішімдік ішкендіктен барғанын айтып, кінәсін мойындаған.

Оған қатысты «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің» 438 бап, 1 бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды» делінген Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button