ЖаңалықтарЭкономика

Атырауда жол құрылысында қателіктерге жол берілген

Atr.kz/4 ақпан, 2020 жыл. Атырау облысында жол салу мен жөндеу кезінде жіберілген кемшіліктер анықталды. Ақаулар негізінен республикалық маңыздағы және жергілікті деңгейдегі жол құрылысына байланысты болып отыр.

Бұл туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының директоры Ербол Кенжешов мәлімдеді.

«Нақты айтқанда, өткен жылы технологиядан ауытқудың 80 дерегі анықталды. Ал, 36 дерек жол құрылысына пайдаланылып жатқан материалдардың мемлекеттік стандартқа сәйкес еместігіне байланысты болып отыр. Дер кезінде тапсырыс берушілер мен мердігер мекемелерге ескерту беріліп, кемшіліктер жойылды» деп нақтылады ол.

Филиал басшысының мәліметінше, былтыр облыстағы республикалық маңызға ие және жергіліктегі деңгейдегі жолдарға 559 мәрте тексеріс жүргізілген. Жол құрылысы материалдарынан 490 рет сынама алынған. «Әсіресе, «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» тас жолы қатаң бақылауға алынды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 1120 шақырым болатын республикалық, жергілікті деңгейдегі 2500 шақырым автокөлік жолын сараптау көзделіп отыр» деді кәсіпорын басшысы.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/bazarda%d2%93y-ba%d2%93a-%d2%9bandaj/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button