Атырауда жол апатынан ерлі-зайыпты мен бір жасқа толмаған бала мерт болды: полиция үндеу жасады

34d9359d 2cf1 49b8 b6eb 00424c282072 Жаңалықтар

Атырау облысында жол апатынан ерлі-зайыпты мен олардың бір жасқа толмаған қызы қайтыс болды. Осыған байланысты полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаев тұрғындарға үндеу жасады.

«Құрметті Атырау облысының тұрғындары және қонақтары! Менің бүгінгі үндеуім сіздердің жолаушы ретінде аман-есен жүріп тұруларыңызға бойынша қысқаша ескерту болмақ. Қазіргі уақытта, жасыратыны жоқ, көпшілігіміз баратын жерімізге жылдам жетуді әдетке айналдырып алдық, бірақ сол жылдамдықтың артында үлкен апаттың, денсаулығымызға және өмірімізге қауіп төнетінін ескермейміз. Айтқым келгені, баратын жерімізге қауіпсіз пойыз немесе автобуспен емес, заңсыз такси қызметін пайдаланып келеміз, яғни заңсыз такси қызметі қазіргі кезде адам өмірін жалмап, денсаулығымызға зардап келтіріп, бейбіт заманда қаншама ағайын-туысымыздан айырылып, кішкентай балаларымыз көзі мөлдіріп, жетім қалып жатыр. Халықтың көп шоғырланатын жерлерінде, әсіресе, облыс пен аудан орталықтарында жиналып тұратын такси жүргізушілерінің саны күннен күнге артып жатыр. (…) Жүріп-тұру рейс санын арттыру үшін  ұйықтамай, шаршаңқы күйде көлік айдауды әдетке айналдырған. Сондықтан өмірлеріңізді, денсаулықтарыңызды ойлағандарыңыз абзал», – деді Атырау облысы полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз