Жаңалықтар

Атырауда жол апатынан екі адам қаза тапты

Атырау облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты 21 тамыз күні 19:30 шамасында болған.

«Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 635 шақырымы тұсында Toyota Prada және Lada Granta автокөліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан Lada Granta автокөлігінің екі жолаушысы қаза болды. Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі және Toyota Prada автокөлігінің екі жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары басталды», — деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button