Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жол апаты болып, екі адам ауруханаға түсті

Атырауда 30 маусым күні жол-көлік оқиғасы орын алып, екі адам ауруханаға жеткізілді.

Атырау қалалық полиция басқармасының мәлімдеуінше, жол апаты Нұрсая мөлтек ауданы 11 және 10 көше қиылысы тұсында маркасы Toyota Land Cruiser және Opel автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан орын алған.

«Жол апаты салдарынан басты жолда келе жатқан Toyota Land Cruiser автокөлігінің ішіндегі жолаушысы жасөспірім және Opel автокөлігінің жүргізушісі әр түрлі дене жарақатымен Облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда жағдайлары бір қалыпты», — делінген департаменттің таратқан хабарламасында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button