6448618 1

Атырауда жоғалған балалардың біразын модульді бекет полицейлері тауып, туыстарына табыстаған

Жаңалықтар Құқық

Atr.kz/19 тамыз, 2020 жыл. Өткен жылдан  Атырау қаласында 4  модульді полиция бекеттері  қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында  қызмет атқаруда.

Модульді​ ​ ​ ​ ​ ​ типтегі ​ стационарлық бекеттері  Атырау қаласындағы  Исатай-Махамбет алаңы, «Жеңіс» саябағы, М. Өтемісұлы атындағы қазақ академиялық​ ​ драма театры және Вокзал маңы аумақтарында  орналасқан.

Бұл бекеттерде Атырау қалалық  полиция басқармасы  патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 2 ауысымда 12 сағаттан қызмет атқарады.

Биылғы жыл басынан бері модульдік полиция бекеттеріне 500-ден астам азаматтар  әр түрлі өтініш-сауалдарымен  жүгінген, атап айтқанда, кең ауқымды шаралар кезінде алаңдап мен сабақтарда құжаттарын жоғалту, үйінен адасып қалған жасөспірімдерді тауып алу,  құжаттар тауып алу, учаскелік инспекторлармен  байланысқа  шығу қажеттілігі туралы өтініштермен , сонымен қатар, ұрлық, алаяқтық т.б қылмыс фактілері  бойынша қайда шағымдану керектігі туралы қажетті ақпараттар  алған.

Мысалы, 2019 жылы Атырауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығын  кең көлемде мерекелеу күндері Исатай-Махамбет алаңында
бір тәулікте 93 бала жоғалып, полиция бекетіне жүгінгеннен кейін балалар сол маңайдан табылып, туыстарына табысталған.

«Полиция департаментінің баспасөз қызметі»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған