Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

АТЫРАУДА ЖОҒАЛҒАН 50-ГЕ ЖУЫҚ ЖАСӨСПІРІМ ТАБЫЛДЫ

Атыраулық полицейлер белгісіз бағытта жоғалып кеткен елуге жуық жасөспірімді тауып үйіне жеткізген.

Жасөспірімдердің жоғалуының басты себебі — ата-анасын хабардар етпей үйлерінен кетіп қалуы. Көпшілігі ата-анасымен келіспей қалса, енді бірі олардан көз жазып қалатындар.

Былтыр Атырау қалалық полиция басқармасының  «102» арнасына осы бағытта 46 арыз келіп түскен. Абырой болғанда барлық жасөспірімдерді полиция қызметкерлері аман-есен тауып, ата-аналарына табыстаған.

— Үнемі жоғалатын жасөспірімдер де бар. Мәселен, бір жеткіншек үйінен үш рет кетіп, қайта оралғысы келмеген. Қаңғыбастықпен айналысқан жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Онымен қоса, ол Ішкі істер органдарының есебіне алынды. Жалпы, жасөспірімге қай уақытта да ата-аналар жауапты болуы керек деп есептеймін, — дейді ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Азамат Қарамұратов.

Осындай оқиғаларды болдырмас үшін ювеналды полиция өкілдері ата-аналардан балаларына көбірек көңіл бөлуді және балаларының қызығушылықтары мен бос уақытта немен шұғылданатынынан хабардар болуды сұрайды.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ,

облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button