Атырауда «Жер сағаты» халықаралық акциясы өтті

img 20210327 wa0082 Жаңалықтар

Акция мақсаты – адамзат назарын планетамыздағы климат өзгерісіне аудартып, экологиялық мәселені бірлесіп шеше алатынымызды көрсету.

Аталған халықаралық шара Атырау қаласымен бірге Жылыой, Құрманғазы, Исатай, Индер, Мақат, Қызылқоға мен Махамбет аудандарында өтті.

Осылайша Атырау өңірі бұл акцияға белсенді түрде үлес қосты.

Бүгін, 27 наурыз күні жергілікті уақытпен 20:30 – 21:30 аралығында бірқатар ірі және орта бизнес субъектілерінде, сонымен қатар, Атырау облысы және Атырау қалалық әкімдігіне қарасты бірнеше ғимараттардың сыртқы декоративті жарықтандыруы уақытша сөндірілді.

Атырау облысы бойынша экология департаментімен ұйымдастырылып отырған кезекті дүниежүзілік акцияны Атырау өңірінде жұмыс жасап жатқан бірнеше ірі және орта бизнес субъектілері мен жүздеген тұрғын үй кешендері, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар белсенді қолдады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз