Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда Жеңістің 75 жылдығына орай «Тағзым аллеясы» ашылды (+ ФОТО)

Аtr.kz/9 мамыр, 2020 жыл. «Тағзым аллеясын» облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен қала әкімі Қайрат Оразбаев ашты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы мен қала әкімдіктерінің бастамасымен Жеңіс саябағына — Ұлы Отан соғысының атыраулық қаһармандарына арналған 14 бюст орнатылды.

Олардың ішінде Кеңес Одағының батырлары, Халық қаһарманы мен Даңқ орденінің толық иегерлері бар. Бюсттер қоладан құйылып, постаменттері толық граниттен жасалған.

img 20200509 wa0064


Атырау қаласы әкімі Қайрат Оразбаевтың айтуынша, жиырма жыл бұрын салынған «Жеңіс» саябағы әр жылдары мерекелік атаулы күндерге орай жаңартылып келеді. Биыл саябақтың аумағы кеңейтіліп күрделі жөндеу жұмыстары жасалуда. Саябақтың жанына 1000 ға жуық алма ағашы отырғызылып, 3800 шаршы метр газон төселіп жатыр.


Айта кетерлігі, «Тағзым аллеясына» бюджеттен ешбір қаржы шыққан жоқ, толығымен жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жасалды.

img 20200509 wa0065
img 20200509 wa0070
img 20200509 wa0066
img 20200509 wa0069

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button