Атырауда жексенбі күндері қоғамдық көліктер жүрмейді
Автобустар жұмыс күндері мен сенбі күндері штаттық кесте бойынша жүреді, жексенбіде тыйым салынады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы брифингте Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешева Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа Қаулысын түсіндіре отырып мәлімдеді.
Қоғамдық көліктердің жұмыс күндері мен сенбі күндері сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс режимін белгілеу керек, жексенбіде жұмыс уақыты тыйым салынған кезде, қоғамдық көліктер қатынасы тоқтайды.
Соңғы аялдамаларда қоғамдық көліктердің күнделікті дезинфекциясын қамтамасыз ету қажет. Қоғамдық көліктің толу коэффициенті бір орынға сәйкес келуі керек. Қоғамдық көлік антисептикалық заттармен қамтамасыз етілуі қажет, көлікке кіруге тек жеке қорғаныс құралдарында (медициналық маскаларда) рұқсат етіледі », — делінген жаңа құжатта. Жаңа Қаулы 17 шілде, 2021 жылы сағат 00:00 ден бастап күшіне енеді.