Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарМедицина

Атырауда жедел-жәрдемге қоңырау саны мыңға дейін өсті

Atr.kz / 24 маусым, 2020 жыл. Атырауда жедел-жәрдем стансасы диспетчерлеріне түсетін қоңырау саны күніне мыңға дейін өсті.

Соңғы 4 айда жедел-жәрдем станцасына түсетін қоңыраулар саны 4 есеге көбейген. Өкінішке қарай, қазіргі қоңыраулардың жартысынан көбі негізсіз, деп хабарлайды Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Соның салдарынан, жедел-жәрдем бригадалары ауыр жағдайдағы науқастарға бөлінуі қажет уақыттың зая кетіп жатқандығын айтады. Бұл туралы облыстық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Гүлнафис Рахметова мәлімдеді.

— Соңғы аптада күніне мыңнан аса қоңырау түсуде. Бұл үлкен жұмыс және біздің фельдшерлерге де психологиялық ауыртпалық. Бұрын күніне 300-400 қоңырау ғана түсетін еді. Қазіргі кезде желіде 25 бригада жұмыс істейді, олардың 5-уі коронавирусқа арналған командалар. Олардың барлығы қауіпсіз жұмыс істеуі үшін жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген және медициналық құралдармен 100% жабдықталған. Жедел жәрдем бригадасына қызмет көрсету кезінде ең алдымен науқастың жағдайы бағаланады, әрі қарай оған байланысты тактика анықталады. Егер науқастың көрсеткіштері жақсы болса, науқас үйде қалады және учаскелік дәрігердің бақылауына өтеді » — деді Гүлнафис Рахметова.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, дене қызуы көтерілгенде дүрбелеңге түсіп, бірден жедел-жәрдем шақырудың қажеті жоқ.

«Тұрғындар тарапынан жедел-жәрдемді коронавирусы бар-жоқтығын білу үшін шақырған жағдайлар көп болды. Ол енді мақұлдамайтын әрекет. Тағы да халықтың назарына мынаны ұсынғымыз келеді. Жедел жәрдем шақырып, дүрбелең тудыруға болмайды. Егер температура пайда болса аллымен көбірек сұйық ішіңіз, жақсы тамақтанып жеткілікті деңгейде ұйықтап, демалу керек. Ауру белгілері бой бермей жатса ғана учаскелік дәрігерге барып, ем-шара қабылдауы тиіс» — деді Гүлнафис Рахметова.

Айта кету керек, 103-ші желідегі жүктеменің жоғарылауына байланысты қосымша қоңырау қабылдайтын бөлімшелер ашылды. Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияға қатысты қоғамдық сауалнама үшін 8 71 22 98 02 92 тікелей телефон нөмірі іске қосылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button