Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Атырауда жедел жәрдем стансасындағы көліктер 100 пайызға жаңартылды

«Атырау облыстық медициналық жедел-жәрдем стансасы тағы 20 медициналық көлікпен толықты.  Осылайша, өңірдің медициналық жедел жәрдем стансасындағы көліктер 100 пайызға жаңартылды», деп хабарлайды Atr.kz

Облыстық жедел-жәрдем стансасының директоры Бауыржан Төлегеннің айтуынша, жаңа көліктер « ҚДБ – лизинг» есебінен алынған.


— Жеткізілген автокөліктердің үшеуі аудандарға жіберілетін болса, қалған 17-сі қалалық жедел-жәрдем стансасына беріледі.  Бүгінде облыс көлемінде тәулігіне 700-750 шақырту келіп түсуде. Пандемия өршіген тұста қоңыраулар саны 1700-ге дейін жеткен болатын, — дейді Бауыржан Төлеген.


«Қазіргі уақытта облыста барлығы 106 жедел жәрдем медициналық көлігі бар. Оның 20-сы бүгін беріліп, 46-сы өткен жылы келді. Атап айтқанда, 2020 жылдың қазан айында 22 жедел жәрдем көлігі келсе, қараша айында 18 көлікпен толықты» делінген Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта өңірде  COVID-таксилер жоқ. Оның орнына жедел-жәрдем стансаларының көлігі қызмет етуде. Жедел-жәрдем көлігі шұғыл шақыртуға 12-13 минутта жетеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button