Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда жазасын өтеушілер қорғаныс киімдерін тігуде

Atr.kz/3 мамыр, 2020 жыл. Жазасын өтеушілер құқық қорғау қызметкерлеріне арнап қорғаныс киімдерін тігуді бастап кетті. Олар барлығы 500-ден астам арнаулы киім дайындауды жоспарлап отыр.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің хабарлауын­ша, пандемияға байла­нысты облыстың түзету мекемелерінде сақтық шара­лары күшейтілді.

Департаментке қарасты мекемелерге бетпердесіз кіруге, ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге уақытша тыйым салын­ды, азаматтардың мекеме аймағына келуіне, кіруіне шектеу қойылды.

– Ә р б і р м е к е м е н і ң әкімшілік ғимаратына к і р е т і н д ә л і з г е , і ш к і аймағына кіретін кездегі тексеру бөлмелері анти­септиктермен қамтамасыз е т і л д і . К ү н і н е е к і р е т термометрлік шаралар жүргізіліп, барлық жеке құрамға, сотталғандарға толықтай бетперделер таратылды, — делінген департаменттің таратқан баспасөз хабарламасында.

Атап өтер жайт, індеттің алдын алуға департаменттің және оған қарасты мекеме қызметкерлерімен қатар жазасын өтеуші тұлғалар да өз үлестерін қосып, бүгінгі таңда алдыңғы шепте тұратын құқық қорғау қызметкерлеріне 40 мыңнан астам қорғаныс бетпердесін тігіп берді. Со­нымен қатар, министрлік тапсырмасы аясында инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары, айыпталу­шылар, сотталғандармен тікелей байланыста бо­латын 70-ке жуық режим бөлімінің тексеру тобының бақылаушысы мен медици­на бөлімінің қызметкерлері бір айлық жалақы көрсеткіші көлемінде ақшалай сыйақымен мара­патталды.

– Мекеме аумағында « Е ң б е к — А т ы р а у » филиалының тігін цехында жұмыс жасайтын жазасын өтеушілер өз қызметтерін а д а л а т қ а р ғ а н ы ү ш і н , қосымша еңбекақыларынан бөлек, екі рет ақшалай сыйақымен марапаттал­ды, — дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Айбөпе САБЫРОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/qatan-sanitarlyq-rezhim-saqtalady-atyrauda-zhenildetilgen-karantin-talaptary-zhariяlandy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button