Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам

Атырауда жазасын өтеушілер ерекше бұйымдар жасап жұртты таңқалдырды (+ФОТО)

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ғимаратында жазасын өтеушілер жасаған бұйымдардың көрмесі өтті.

«Үміт-2020» көрм е — б а й қ а у ы н а қ о л ө н е р шеберлерінің «Колониядағы өмiр», «Босатылғаннан кейін», «Табиғат туралы», «Балалар — біздің болашағымыз» суреттері жəне ағаштан жасалған шахмат-нарды, ас үй жиынтығы, ойыншықтар ұсынылды. Түрлі бұйымдарды «Азаптауға қарсы Ұлттық алдын алу тетігі» үкіметтік еме с ұйымының Атыраудағы өкілі Нəсіп Қуанова мен жергілікті кəсіби суретшілер сарапқа салды.

Т ө р е ш і л е р н а з а р ы н а ұсынылған əрбір туындының мазмұны ерекше. Онда жазасын өтеушілердің бостандықты аңсайтыны анық аңғарылады. Əсіресе, түрмеден шыққан күйеуін қарсылап тұрған балалы келіншек бейнеленген сурет мұңды. Қараған жанды ерекше əсерге бөлейді. Енді бір қатысушы қағазға анасына деген сағынышын түсіріпті.

«Жаза басқан тағдырлардың тырнақалды туындыларының ішінен үздігін таңдау қиынға соқты» дейді қазылар алқасының төрайымы Н.Қуанова.

– Байқауға қатысу үшін жазасын өтеушілерге қолөнермен айналысуға мүмкіндік берілді. Көрмеге қойылған əр заттан бас бостандығынан айырылған жанның өкінішін, өнер арқылы ішкі жан-дүниесін көрсеткісі келгенін байқауға болады, — дейді ҚАЖД өкілі Альбина Исахатова.

Шара қорытындысында үздік жұмыстар өз бағасын алды. Сонымен, Ермекбаева мен Набидуллаев – 1-орын, Ко с т ю н и н а м е н К а д е н о в – 2 — о р ы н , И с а е в а м е н Мұхамбетов – 3-орын деп анықталды. Өзгелері ынталандыру сыйлығына лайықты деп танылды. Ақшалай сыйақыны жеңімпаздардың есепшотына жіберетін болды. Ал, көздің жауын алатын бұйымдардың барлығы балалар үйлеріне қайырымдылыққа таратылады.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

aprnarnaekn
rogpoggen
agngeg

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button