
Атырауда жаяу жүргіншіні қаққан азамат істі болды
Atr.kz/5 сәуір, 2019 жыл. Атырау қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен З.Ф.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, З.Ф. 2018 жылдың қараша айында «Лада Приора 217130» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, жаяу жүргінші Ж.М.-ны қағып кеткен.
Оқиға Атыраудағы «Азамат» азық-түлік дүкені тұсында болған. Апат салдарынан жәбірленуші әр түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға түскен.
Сот дәрігерлік сараптама қорытындысы жәбірленушінің денсаулығына орта дәрежелі зиян келтірілгенін анықтады.
Сот З.Ф.-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп таныды. Және асырауында мүгедек ағасы мен анасы бар екенін ескеріп, оны 2 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырды. Бұған қоса, айыпталушы 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады.
“Atr – Ақпарат”