Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жастарға арналған «Atyrau Youth Hackathon» байқауы екінші рет өтіп жатыр

Атырау облысында жастарға арналған «Atyrau Youth Hackathon» инновациялық идеялар конкурсы қайта басталды. Жоба өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жастардың бастамаларын қолдап, стартап-мәдениетті қалыптастыруды мақсат етеді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 1084

Биыл конкурс үш кезеңде өтеді. Әрқайсысына 50 қатысушы қабылданады. Алғашқы кезең 18-19 тамыз күндері «Atyrau Hub» бизнес-инкубаторында ұйымдастырылып, «Шағын кәсіпкерлік» бағытына арналып отыр.

-Өткен хакатон білім бағытына арналса, қазіргі кезеңде жастар мен жас қатысушылар шағын бизнесті дамытуға арналған инновациялық идеялар мен жобаларды ұсыну бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Осы орайда арнайы республикалық деңгейдегі спикерлер шақырылып, түрлі менторлық кезеңдер ұйымдастырылуда. Олар қатысушыларға тәжірибе алмасып, кәсіби тұрғыда үлкен қолдау көрсетуде, — деді ұйымдастырушы Альбина Исатаева.

Осы хакатонға екінші рет қатысқан Бердібек Мирас өз тәжірибесінің өте пайдалы болғанын атап өтті.

-Байқаудың бұл жолы да жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Өзім қатысқан командамен бірге үшінші орынға ие болдық. Мұндай жобалар біз сияқты жастарға үлкен мүмкіндік беріп, жаңа білім алуға, тәжірибе жинауға және өз идеяларымызды жүзеге асыруға жол ашады. Сондықтан хакатонға қатысу — мен үшін өте құнды тәжірибе,-деді ол.

Қатысушылар қатарында жоғары сынып оқушылары, колледж және ЖОО студенттері, жұмыс істейтін жастар мен жас мамандар, сондай-ақ жұмыссыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған 14-35 жас аралығындағы жастар бар. Жеңімпаз топтарға жобаларын әрі қарай дамытуға 1,5 ай уақыт беріледі. Әр кезеңнің жүлде қоры – 1,5 млн. теңге.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button