Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жастар сарайы салынады

Өткен жылы мұнай өндіру көлемін 27,16 млн. тоннаға жеткізіп, жаңа рекордтық көрсеткішті бағындырған «Теңізшевройл» ЖШС ұжымы сұйытылған газ сатуды 1,27 млн. тоннадан асырды.  Ал, құрғақ «көгілдір отын» сату межесін 6,85 млрд. текше метрге жеткізуді қамтамасыз етті.

Былтыр аталмыш компания қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануға 2,4 млрд. АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсады. Қазіргі таңда мұнда жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 1993 жыл-ғы 50 пайыздан 86 пайыздық көрсеткішке жетті. Сол сияқты, жергілікті кадрларды оқыту және кәсіби шеберліктерін шыңдау жөніндегі бағдарламаны нәтижелі жүзеге асыруда.

Бейсенбі күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев  «Теңізшевройл»  компаниясының бас директоры қызметін бес жыл атқарып, өткен жылдың соңында «Шеврон» корпорациясы Еуразия стратегиялық бөлімшесінің басқарушы директоры қызметіне тағайындалған Тим Миллерді қабылдады.

Сөз бастаған қонақ облыс әкімімен «Сәлеметсіз бе! Қалыңыз қалай?» деп қазақша амандасты. Оған «Кездесу техникалық бағытта  болмағанда әңгімемізді қазақша жалғастыра берер едік», — деп әзілмен жауап берді Нұрлан Асқарұлы.

Қабылдауда қос тарап та компания мен аймақ арасында қалыптасқан жылы қарым-қатынасты одан әрі кеңейте беруге ынталы екендіктерін жеткізді.

Облыс әкімі «Теңізшевройл» компаниясының жергілікті та-уарларды тұтыну арқылы аймақ экономикасын дамытуға қосып жатқан үлесін ерекше айтып өтті.

– «Біріншіден, сізді жаңа қызметіңізбен құттықтаймын! Адал еңбегіңіздің арқасында басшылығыңыз сізді осы абыройлы қызметке тағайындап отыр. Атырау облысында көп еңбек еттіңіз. Сіз қызмет еткен жылдары аймақ пен компания арасында жақсы қарым-қатынас орнады. «Теңізшевройл» компаниясы аймақ экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосуда. Жергілікті тауарларды тұтынып, мыңдаған тұрғынды жұмыспен қамтып  отырсыздар. Осы бағыттағы байланысты біз одан әрі нығайтуға ниеттіміз, — деді Нұрлан Ноғаев.

Еуразия стратегиялық бөлім-шесінің басқарушы директоры Тим Миллер аймақ басшысына қабылдауы үшін рахмет айтты.

– Сіз Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тұрғаныңызда кездескен едік. Жаңа қызметіңіз құтты болсын! Аймақ басшылығымен кәсіпкерлік қарым-қатынасымызды кеңейте түсуге мүдделіміз, — деді ол.

Нұрлан Асқарұлы басқарушы директордың назарын қазақстандық тауарлар мен қызметтерді кеңейте беру қажеттігіне,  облыстағы әлеуметтік саланың дамуына үлес қосу мен әлеуметтік жауапкершілік мәселелерінің  маңыздылығына аударды.

Кездесуде Атырау қаласында Оқушылар және жастар сарайын салу мәселесі талқыланды. Атал-ған нысанды салуды компанияның әлеуметтік саладағы үлесін ұлғайту мақсатында «Шеврон» ұсынған болатын.

Сарайдың іргетасы өткен жылы қаланды. Бүгінде жобаны жоспарлау жөніндегі жұмыс комиссиясының құрамына 11 адам еніп отыр. Болашақта бұл жоба уақытында жүзеге асады деген сенім бар.

Бақытжан ЖҰМАТ.

Суретті түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button