Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

Атырауда жас суретшілер онлайн түрде сайысты

Atr.kz/3 мамыр, 2020 жыл. Облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі жалпы білім беретін Атырау қаласындағы мектептердің 5-11 сынып оқушылары арасында «Біз біргеміз!» тақырыбындағы суреттердің әлеуметтік желі арқылы онлайн-байқауын жариялаған болатын.

Байқаудың мақсаты – қазіргі таңда елдегі жағдайға байланысты әлемді жайлаған індетпен күресте жанқиярлықпен еңбек етіп жүрген әр сала мамандарының, еріктілердің, мейірімді жандардың еңбегін бала қиялымен ақ қағаз бетіне түсіру, республикалық «Біз біргеміз!» акциясы аясындағы әртүрлі шараларды дәріптеп, тәуекелге бел буған мамандар еңбегін ұлығылау, әрі оларға алғыс білдіру.

Онлайн-байқауға Атырау қаласында тұратын, сурет салуға икемі бар, талабы мен шеберлігі жоғары, қылқалам иесі болуға үміткер 5-11 сынып оқушылары қатысып, байқау жарияланған күннен бастап музейдің электронды мекен-жайына суреттерін жіберген еді. «Біз біргеміз!» деген тақырыпта салынған балалардың қай-қай суретін алып қарағанда, олардың ойлау қабілеті, танымтүсінігі, қоршаған ортаға бейжай қарай алмайтын үлкен сезімталдығы, түс пен пішінді, ритмді ажырата алатын қабілет-дарыны анық байқалды.

Байқауға қатысқан 55 оқушының ішінен әділқазылар үш жеңімпазды анықтады. №38 орта мектеп оқушысы Қарақат Жаңабайқызының «Отважный труд врачей во время пандемий» деп аталатын суреті, Жангелдин атындағы орта мектептің оқушысы Анель Абдуалиеваның «Борьба с вирусом» деген және № 1 6 о р т а мектептің о қ у ш ы с ы А н н а К о г а й д ы ң «Біз біргеміз» деп атаған с у р е т т е р і «үздік» деп танылды.

Осылайша Қарақат Жаңабайқызы, Анель Абдуалиева, Анна Когай музейдегі ақылы бейнелеу өнері студиясында алты айға тегін оқу сертификатын жеңіп алды. Жеңімпаздар кейін жұмыс жалғасқан кезде арнайы дипломдармен марапатталатын болады. Үй жағдайында сурет салып, белсенділік танытқан 52 оқушыға Алғыс хат табыс етіледі.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button