210728012632716a3817094i

Әлем елдері вакциналауды қалай міндеттеп жатыр

Жаңалықтар Медицина
49 / 100

Әлемнің бірқатар елінде коронавирусқа қарсы вакцина алуды ішінара міндеттеу шаралары жүріп жатыр.

Мәселен, Италияда бұқаралық іс-шараларға тек коронавирусқа қарсы вакцина алған адамдар ғана жіберіледі. 6 тамыздан бастап вакциналау процесін аяқтаған Италия тұрғындарына ғана бұқаралық шаралар, стадиондар, музейлер, театрлар, кинотеатрлар, бассейндер, спорт залдары, барлар мен мейрамханалар қолжетімді болады. Барлар мен мейрамханалардың ашық террассаларына кіру үшін вакциналау паспорты қажет емес.

20 тамыздан бастап Біріккен Араб Әмірліктерінде вакцина алмаған азаматтарға мемлекеттік және жеке мектептерге, университеттерге, балабақшаларға, сауда орталықтарына, мейрамханаларға, кафелерге, спорт залдарына, музейлерге, курорттарға және басқа да сауда нүктелеріне кіруге тыйым салынады.

Ал Бразилияда жоғарғы федералды сот ресми түрде билікке коронавирусқа қарсы ерікті вакциналау күтілетін нәтиже бермесе, вакциналауды міндеттеуге рұқсат берді. Дегенмен, бұл шараны іске асыру үшін жеке заң қабылдау қажет. Судьялардың пікірінше, вакциналаудан саналы түрде бас тартқан адамдар кесірінен ұжымдық денсаулық бұзылмауы керек.

АҚШ-та Жұмыспен қамтудың тең мүмкіндіктері жөніндегі комиссия азаматтардың өтініші бойынша жұмыс берушілер өз қызметкерлерін COVID-19 вакцинасын алуға мәжбүр ете алады деп шешті. Одан тек мүгедектікке немесе діни сенімдерге байланысты бас тартуға болады. АҚШ-тың Morgan Stanley Банкі Нью-Йорктегі қызметкерлеріне COVID-19 вакцинасын толық алмаса, кеңселерге орала алмайтындарын ескертті. Мүлдем вакцина алмаған немесе толық вакциналанбаған банк қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге мәжбүр болады, делінген қызметкерлерге жіберілген ішкі хатта.

Ақпан айында Индонезияда вакцинаны қаламағандар үшін айыппұлдар мен әлеуметтік көмектен бас тарту жүйесі енгізілді. Бұл айыппұл бай елдердің өлшемімен де өте ауқымды, Джакартада 5 миллион рупий (350 доллар) салынады.

Қытайда мемлекеттік деңгейде вакциналау ерікті болып қала береді, бірақ жергілікті билік қысым көрсетуде: Хайнань провинциясындағы әкімшілік вакцинаға қарсы диссиденттерді қара тізімге енгізуге және оларды мемлекеттік жәрдемақылар мен қоғамдық көлікті пайдалану құқығынан айыруға уәде берді.

Бельгияда 13 тамыздан бастап 1500-ден астам адам қатысатын ашық іс-шаралар вакциналау сертификаты жоқ адамдар үшін шектеулі болады.

Аустралияда 28 маусымда бірқатар мамандық үшін міндетті вакциналау енгізілді. Вакцинасыз қарт адамдарға күтім жасауға байланысты мекемелерде жұмыс істеуге болмайды.

Қарттар үйлерінің, мүгедектер мен қарттарға арналған интернаттардың барлық қызметкерлері вакцинаның алғашқы дозасын 2021 жылдың қыркүйек айының ортасынан кешіктірмей алуы керек. Тізбеге мемлекеттік карантин жүйесінің, әуежайлар мен авиациялық инфрақұрылым қызметкерлерін, сондай-ақ өңіраралық жүк тасымалы мен тау-кен өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді енгізу жоспарлануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған