Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда жаңадан тағайындалған облыстық сот төрағасы таныстырылды

Аtr.kz/22 сәуір, 2020 жыл. Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов құқық қорғау органдары жетекшілеріне жаңадан тағайындалған Атырау облысының Сот төрағасын таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Атырау облыстық Сотының төрағасы болып Жұмағұлов Бауыржан Тұрсынұлы тағайындалды. 

Бауыржан Тұрсынұлы 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Мамандығы – құқықтанушы, заңгер.    

whatsapp image 2020 04 22 at 17.43.08 1

Әр жылдары Алматы қаласының прокуратурасында, Ақмола облысының Әділет басқармасында қызмет атқарып, 1999-2002 жылдары Астана қаласының соты, 2002-2006 жылдары Атырау облысы Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болып қызмет етті.                  

200422191623587e

2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратында және 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында жұмыс істеді.  

Ал бұған дейін Атырау облыстық Сот төрағасы болған Марғұлан  Бектұрғанов Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына басқа қызметке ауысты.

«Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button