Атырауда жаңадан 16 демалыс орны ашылады

wr 960 Жаңалықтар

Алдағы 2 жылда Атырау қаласында жаңадан 16 демалыс орны салынады.

Оның құрылысына бюджеттен 3 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлу жоспарланып отыр. Жайық өзенін бойлай орналасқан шаһарда қазір 14 саябақ пен демалыс орны бар. Дегенмен 300 мыңнан астам тұрақты тұрғыны бар Атырау үшін ол жеткіліксіз, деп жазады Хабар 24 арнасы. 

Осыған байланысты жергілікті билік демалыс орындарын көбейтуді қолға алды. Болашақ құрылыс үшін «Балықшы», «Самал» ықшам аудандарынан жер телімдері бөлінді. Қазір 2 саябақтың жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.

Олар биыл ашылады деп жоспарланып отыр. Осылайша, облыс орталығында 2025 жылға дейін жаңадан 16 демалыс орны пайдалануға берілмек.

«14 жобаны кезең-кезеңімен сараптамаға кірігеміз. Бюджеттен қаражат қарастырылған жағдайда оның ішінде демалыс орындарына қолайлы орындықтар бар, шағын архитектуралық формалар бар, көгалдандыру бар, демалыс орны қолайлы болуы үшін бәрі қарастырылған», – деді Рамиль Халауиддинов, қалалық ТҮКШ сектор меңгерушісі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз