Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Атырау — Құрманғазы» пойызы жолға шықты

Бүгін Атырау темір жол вокзалынан  №631-шы «Атырау — Дина Нұрпейсова стансасы» облысішілік жолаушылар поезды алғашқы сапарға шықты.

Екі жалпылама және бір плацкарт вагоннан жасақталған бұл құрама ендігі жерде Атырау-Аққыстау-Исатай-Ганюшкино-Д.Нүрпейсова стансалары аралығында күнделікті қатынайтын болады. Өңіріміздің тарихынан елеулі орын алар осынау тарихи сәтте, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов перронға арнайы келіп, жолға шыққалы тұрған поездға сәт-сапар тіледі. 

               – Атырау мен Құрманғазы аралығына жолаушылар поездын жүргізуді біз көптен аңсап келеміз. Бүгін осы игі мақсатымызға жетіп отырмыз. Әрине, мұның бәрі халық үшін жасалып жатырған жұмыстар. Сондықтан, алғашқы сапарға шыққалы тұрған поездымыз жұртшылық  игілігіне қызмет етсін. Әрдайым сапарлары оң болсын.  Ақ жол тілеймін, — деді Махамбет Жолдасқалиұлы.

Тұсауы кесілген поезд енді күн сайын Атырау станциясынан жергілікті уақытпен сағат 11:00-де, Д.Нұрпейісова бекетінен жергілікті уақытпен сағат 18:42-де жүреді. Жол жүру билеттері теміржол вокзалы кассаларында және интернет желісі арқылы сатылымға шықты. Аталған поездың тендерін  «Otpan Logistic» компаниясы ұтып алған. Атырау облыстық әкімшілігі  мен компания арасындағы келісімшарт 5 жылға жасақталған.

img 20210817 wa0040
img 20210817 wa0042

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button