ЖаңалықтарМедицина
Атырауда жаңа медициналық орталық салынады
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, iClinic компаниясы жоспарлап отырған медициналық орталық бір мезгілде 600 науқасқа түрлі ем-дом көрсете алады.
«Яғни, 500 адамды қабылдайтын емхана және 100 төсек орындық стационар қызмет көрсететін болады. Клиникалардың көптеп салынуы – медицина қызметі сапасының артуына және салаға жаңа мамандардың келуіне мүмкіндік береді» деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Еске сала кетелік, өткен жылы Атырау облысында 10 медициналық мекеме пайдалануға берілді.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА