Оттың ортасында: Атырауда «Ойран» фильмінің екінші маусымы жарыққа шықты (+ ВИДЕО)

snimok 1 Жаңалықтар

«Қысқа метражды «Ойран – 2″ фильмнің екінші маусымы ютуб канал арқылы көрерменге жол тартты» деп хабарлайды Atr.kz

Фильмнің екінші маусымында басты рольдегі Асқардың отбасылық өміріндегі тосын жаңалық баяндалады. Ащы суға мастанып жүріп, жас қызбен танысқан Асқар уақыт өте келе Арудың аяғы ауырлағанын біледі.

Некелі жары, одан туған екі баласы бар. Ару оң жақта отырған қыз. Бір шаңырақтың еркесі. Оқиғаға кезінде ауған жерінде соғысқа қатысып келген қыздың әкесі, адуынды мінезді төрт ағасы араласады.

Екі оттың ортасында қалған Асқар не істейді? Қандай таңдау жасайды? Отбасын таңдай ма, әлде жас қызды ма?

Әрі қарай білу үшін киноны көріп шығу қажет.

Идея авторы Ілияс Бекболатұлы күнделікті өмірде кездесетін оқиғалар баяндалған фильмнен сабақ алатын тұстар барын айтады.

Басты рольдерді белгілі актер Нұрбек Мадиев, Ілияс Бекболатұлы, Талжібек Қажығалиқызы, Мария Нұғмарова сомдаған.

Еске сала кетелік, фильм режиссері Нұрбек Мәдиев, сценарий авторы Айбол Серік. Қоюшы операторы Асхат Тантаев.

Өткен жылы аталмыш фильмнің бірінші маусымы көрерменге ұсынылған болатын.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз