Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда жаңа еріктілер клубы құрылды

Atr.kz/11 ақпан, 2020 жыл. Атаулы жыл аясында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «GASYR» атты еріктілер клубы ашылды.

­­- Клубтың басты мақсаты ­– көпбалалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды би, домбыра, тоғызқұмалақ, шахмат үйірмелеріне қатынастыру арқылы өнерлі, жан-жақты ұрпақты тәрбиелеу. Осы орайда, оның құрылуына бастамашы болып, қолдау білдірген, көмек көрсеткен сахна саңлақтарына айтар алғысымыз шексіз, – деді тұсаукесер рәсімінде алғашқы сөз кезегін алған музей директорының орынбасары Сая Ғазимова. ­

– Олардың қатарында ұлттық би өнерін дамытуға өзіндік үлесін қосып жүрген Қазақстанның Халық әртісі Гүлжан Талпақова, республикаға еңбегі сіңген Мәдениет қызметкері, белгілі сценарист, режиссер, хореограф Мнаура Габдушева, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, ұстаз Сәуле Жаскелеңова, Атыраудағы Н.Тілендиев атындағы кіші өнер Академиясының оқытушысы Талғат Ғатауов, «Атырау-Балет» студиясының жетекшісі Гүлсина Байкенова және басқаларының есімдерін атаған ләзім.

Халқымыздың рухани қазынасына айналып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан ұлттық би өнерінің қайнар бастауында тұрып, оның қалыптасып, дамуына өлшеусіз үлесін қосқан, мақтанышына айналған Шара Жиенқұлова сынды саңлақтарымыз салып кеткен сара жолды бүгінгі жас буын лайықты жалғастыруда. Мәдениет ошағында бас қосқан, талай шәкіртті тәрбиелеген өңіріміздің танымал хореграф мамандары сұрақ-жауап сипатында ұйымдастырылған шараға қатысушы оқушылардың тарапынан қойылған сауалдарға тартымды да толымды  жауап қайтарды.

Бұдан былай, облыстық тарихи-өлкетану музейінде әр аптаның сенбісінде балалар үшін тегін би үйірмесі ұйымдастырылатын болып ұйғарылды. Оның алғашқы басқосуы 8 ақпан күні сағат 10.30 ­–12.00 аралығында өтеді. Үйірме жұмысына Гүлсина Ғарифжанқызы жетекшілік етеді. Айта кету керек, еріктілер клубы жұмысын басқа да бағыттар бойынша жалғастырады.       

Дәулетқали АРУЕВ

dsc 0505

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button