Рухани-адамгершілік тәрбиенің пәрмені

20151128142517 Жаңалықтар

Atr.kz/2 шілде, 2019 жыл. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың оныншы бағыты жастарды қолдауға арналып отыр. Елбасы Н.Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын.

Осы орайда «Жастар – Ел тірегі» арнаулы жобасы іске қосылып, жастардың бизнес бастамаларын қолдау шаралары қолға алынуда. «Жас кәсіпкер» жастар стартапы Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапты. Жастардың кәсіппен айналысуы, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың барлық деңгейіне тартылуын қамтамасыз ету жоспарланған. Биыл жастарға берілетін мүмкіндік мол. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде де қызметке қабылданған жас қызметкерлермен тәрбиелік жұмыстар атқарылады.

Жақында Қызылқоға ауданындағы Төтенше жағдайлар бөлімі және №10 өрт сөндіру бөлімі мен Сағыз станциясы өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері арасында тәрбиелік мәні бар шара өтті. Шараға азаматтық қорғау органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітжан Дүйсекенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М а р а т С ә р с е н ғ а л и е в және азаматтық қорғау органдарының зейнеткерлері қатысты.

Сондай-ақ, жиынға қатысқан департаменттің кадр жұмысы бөлімінің мамандары ішкі істер органдарындағы
тәрбие жұмысының атқаратын рөліне тоқталды. Жалпы, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінезқұлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Тәрбиелеу процесі барысында негізгі үш бағыт бар. Біріншіден, жас маман үшін білімді, білікті, әрі тәжірибесі мол тәлімгердің, екіншіден, ә р б і р қ а р а м а ғ ы н д а ғ ы қызметкерлермен жүргізілетін жеке тәрбиелік жұмыстың, ү ш і н ш і д е н , т ә р б и е жұмысының маңызы орасан зор.

«Қай мамандық болмасын, жас мамандардың ұжымға бейімделуіне, кәсіби жетілуіне, білімін тәжірибе жүзінде шыңдай түсуге үлес қосу үшін жоғары білікті тәлімгер тәжірибесі қажет. Тәлімгер шәкіртіне қатаң талап қоя білгенде ғана одан мықты маман шығады. Сондықтан, тәрбие беру процесінің маңызды құрамы тәлімгерлік жүйесін ұйымдастыруға мән беру қажет. Сонымен қатар, жоғары білімі бар, білікті, әрі тәжірибелі қызметкерлер жас мамандарды даярлауы қажет» деді Сейітжан Дүйсекенов.

Ал, Марат Сәрсенғалиев «Азаматтық қорғау органдарында тәлімгерлерді тағайындау кезінде беделді, азаматтық және моральдықпсихологиялық қасиеті жоғары, әрі өз ісін жетік меңгерген тәжірибелі қызметкерлерді арнайы таңдап алу керек» деген пікірімен бөлісті.

Әйгерім САДЫХОВА,

Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы,

азаматтық қорғау майоры

Оныншы бағыт: ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

Сіздер Қазақстанның дамуында маңызды рөл атқарып, прогрестің қозғаушы күші болуға тиіссіз. Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. «Жастар – Ел тірегі» арнайы жобасы жұмыс істей бастады. Біз «Жас кәсіпкер» жастардың бизнес-бастамаларын дамыту бағдарламасын іске асырудамыз, жастар стартаптарын қолдаймыз. Жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асырамыз. Менің міндетім – сіздердің ең үлкен арманыңызды іске асыруға және жеке «табысқа жету тарихын» жасау үшін барлық мүмкіндіктерді жасау. Мемлекеттік қызметтің барлық деңгейлерінде жас талантты менеджерлерді насихаттау үшін Президенттің кадрлар резервы құрылады. Біздің жастар мақсатты, еңбекқор, жігерлі, сондықтан Қазақстанның болашағы жастардың қолында.

(Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінен)

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз