
Жаңалықтар
Атырауда жалпы білім беретін орта мектептің басшысынан туберкулез анықталды
Бұл туралы Атырау қаласының білім бөлімі облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының 18 қантар күні шыққан анықтамасы негізінде хабарлайды.
Қазіргі таңда мектеп директоры денсаулығына байланысты жұмысынан шеттетілді. Мектеп басшысымен жұмыс барысында қарым-қатынаста болған қызметкерлер медициналық тексеруден өткізілетінін және мектепке тиісті санитарлық шаралары жүргізіліп жатқанын қаперге береміз.
Толық ақпарат 2023 жылдың 19 қаңтар күні сағат 16:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өтетін шұғыл брифингте хабарланады.