Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда Жайық жағасына  тәулік бойына кезекшілік қойылды

Атырау қаласында су деңгейінің күннен күнге көтерілуіне байланысты Жайық тұсындағы елді мекендердің жағалауына кезекшілік қойылды. Бұл туралы облыстың төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

-4 мамырдан бастап, жағада тәулік бойына кезекшілік қойылды. Кезекшілердің міндеті су деңгейін бақылап, хабардар ету және бөгеттің жағдайын да назардан тыс қалдырмау керек. Кезекші құрамға керекті арнайы техника, етік, фонарик берілді, — деді 26-30 учаскелердің координаторы Әбіл Тауфихұлы.

Айта кету керек, 26, 27, 28, 29, 30 учаскелерде кезекшіліктің бір құрамы 08:00-20:00 сағат аралығында, екінші құрамы түнгі ауысымға, яғни, 20:00-08:00 аралығында арнайы жасақталған кесте бойынша ахуалды бақылайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button