Атырауда жаңа кәріздік тазарту қондырғысы іске қосылып, «Сасықсай» жабылады (+ФОТО)

20190304101306 Жаңалықтар

Atr.kz/4 наурыз, 2019. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыс орталығының сол жақ бөлігінде салынып жатқан кәріз суын тазарту кешенінің қүрылысын тексерді.

20190304101306
20190304101405 3

Кешенде бас кәріз стансасы алаңы, кәріз тазарту ғимараты алаңы, биологиялық тоған алаңы мен булану алаңы бар. Аймақ басшысы мамандармен жолығып, жобаның технологиялық мәніне назар аударды. Жаңа КТҚ іске қосылғаннан кейін қаланың сол жақ бөлігіндегі кәріз суларын тазарту проблемасы шешім табады.

Қазір пайдаланып жүрген кәріз суы «Сасықсай» булану алаңына жеткенге дейін тазартудың толық сатысынан өтпейді, бұл өз кезегінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға кері әсерін тигізеді. Жобаның бас мердігері «Павлодар өзен порты» АҚ. Нысан құрылысы 2017 жылдың қараша айында басталды, биыл жыл соңына қарай іске қосылады. Қазір мердігер құрылыс-монтаждау жұмыстарын жоспарлы кестеден алда жүргізіп жатыр.

20190304101337 1
20190304101400 1

«Бұл маңызды нысан. Көп жұмыс істелді. Асығыстықтың керегі жоқ, жұмыс жоспар бойынша жүруі тиіс. Ерекше маңызды нысан сапалы салынуы керек», – деді Нұрлан Ноғаев. Атырауда жаңа кәріздік тазарту қондырғысы іске қосылып, «Сасықсай» жабылады Облыс әкімі «Атырау су арнасы» басшылығына құрылыс барысында белсенділік көрсетуді тапсырды. Нысан кейін осы коммуналдық мекемеге беріледі. Атырауда жаңа кәріздік тазарту қондырғысы іске қосылып, «Сасықсай» жабылады.

«Құрылыс жұмыстары кезінде белсенділік танытуларыңыз керек. Мердігер сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді есепке алуы тиіс. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін кідіріссіз жұмыс істеуі керек. Сіздер мамансыздар, сондықтан ескертулеріңіз құрылыс барысында маңызды болады. Айтатындарыңыз болса, ортаға салыңыздар. Сол үшін, мәселелерді шешу үшін жиналып отырмыз, – деп атап өтті облыс әкімі. – Әкімдіктегі басқармалардан, мердігер, авторлық қадағалау, техникалық бақылау өкілдерінен жұмыс тобын құру керек. Бұл үлкен жұмыс, сондықтан ұсақ-түйектің бәрі ескерілуі қажет. Стратегиялық маңызды нысан құрылыс біткеннен кейін іске қосылуы тиіс».

20190304101342 1
20190304101409 1

Атырауда жаңа кәріздік тазарту қондырғысы іске қосылып, «Сасықсай» жабылады Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Амановтың айтуынша, тамыз-қазан айлары аралығында іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіледі. Жасалатын жұмыс көп. Бірақ мердігер өзіне жүктелген міндетті толық орындауы шарт. Атырауда жаңа кәріздік тазарту қондырғысы іске қосылып, «Сасықсай» жабылады «Жобаны жүзеге асыру көптеген өзекті мәселелердің шешімін тауып, қаланың экологиялық ахуалын жақсартады. Қала әкіміне алға қарай жеке секторды осы жүйеге қосу мәселесін шешу туралы тапсырма беріледі», – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Атырауда жаңа кәріздік тазарту қондырғысы іске қосылып, «Сасықсай» жабылады Айта кету керек, жаңа КТҚ іске қосылғаннан кейін көп жылдар бойы тұрғындардың шағымын тудырып келген «Сасықсай» жабылады. Қаланың сол жақ бөлігінде тазарту қондырғысының болмауы қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. «Сасықсайдағы» тазартылмаған кәріз суы жерасты суы мен топырақты, атмосфералық ауаны ластайды.

20190304101356
20190304101414
20190304101435

Дереккөз: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз