Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда зауыттың күкірт сақтау мәселесі туралы түсініктеме берілді

Атырау мұнай өңдеу зауыты тауарлық түйіршіктелген күкіртті арнайы құрамдастырылған қондырғыларда өндіреді. Бұл процесс кристалдану блогын қамтиды және күкірттің қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға бағытталған.

Кәсіпорын өкілдері ҚР Экология кодексінің 317-бабының талаптарына сәйкес, АМӨЗ-де өндірілетін тауарлық түйіршіктелген күкірт өндірістік қалдық болып есептелмейтінін мәлімдеді. Бұл өнім өз тұтынушылық қасиеттерін сақтай отырып, нарықтық айналымға жіберіледі.

Өндірілген күкірт тығыз полипропиленнен жасалған арнайы герметикалық (биг-бег) қаптарға салынады. Бұл қаптар механикалық, температуралық және химиялық әсерлерге төзімді және өнімнің қоршаған ортаға таралуын болдырмайды.

Өнімнің тасымалдау және сақтау процесі келесідей ұйымдастырылған:
• АМӨЗ күкіртті мұнай жеткізушілерден Trade Oil Resource ЖШС-ге өткізеді.
• Trade Oil Resource ЖШС күкіртті зауыт аумағынан шығарып, зауыттан жалға алынған базаға орналастырады.
• Компания тауарды сақтау және өткізу жұмыстарын өз бетінше жүзеге асырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button