Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда зауыт маңындағы жол жабылады

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бүгін, 21 маусым күні сағат 20:00-ден 23 маусым сағат 20:00-ге дейін З.Қабдолов даңғылынан зауыт бағытындағы автомобиль жолын кесіп өтетін №1 кіреберіс темір жолы маңында демонтаждау және тас жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

Зауыттың ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл жұмыстарды жүргізу үшін алдын ала Атырау қаласының әкімдігі және қалалық полиция басқармасымен келісім жасалған. Аталған учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Қуандық ШӘКІРОВ

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button