Барлығы 340: Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырғандар саны 269 адамға жетті

orig COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/12 мамыр, 2020 жыл. Теңіз кенішінен бүгін Covid-19 инфекциясын жұқтырған тағы 17 адам тіркелді.

«Осылайша, аймақта Covid-19   коронавирустық инфекциясымен тіркелгендер саны 340  адамға жетті» деп хабарлайды Атырау облысында Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб. 

Штабтың хабарлауынша, науқастанған жұмысшылардың барлығы Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олар 1992, 1972, 1987, 1983, 1987, 1988, 1998, 1985, 1995, 1964, 1986, 1982, 1983 жылғы ер адамдар және 1967, 1991, 1962 жылы туған әйел адамдар.  

Қазіргі таңда науқастармен  байланыста болғандар анықталуда. Инфекция анықталғандар дәрігерлердің бақылауына алынды. Ауру ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. 

12 мамыр күнгі жағдайға сəйкес, Атырау облысында коронавирустық инфекциясы  расталған адам саны – 340, оның ішінде  269 адам Теңіз кенішінің жұмысшылары.

Сауығып шыққандар саны – 121.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз