Атырауда заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясы онлайн-форматта өтеді

whatsapp image 2020 07 03 at 09.37.52 Жаңалықтар

Atr.kz/3 шілде, 2020 жыл. 1 шілдеден бастап полиция қызметкерлері тұрғындардан заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу үшін акция өткізуде.

Қазіргі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуін ескере отырып, биыл дәстүрлі акция онлайн режимінде өтетін болады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

-Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Әрбір қару-жарақ үшін 10-нан 100 АЕК-ке дейін төлем көзделген. Өтініш пен азаматтардың қару-жарағын қабылдауды полиция қызметкерлері жүзеге асыратын болады. Ол үшін «шұғыл желіге» немесе 102 нөміріне хабарласса жеткілікті. Сыйақы төлемі азаматтардың ұсынған шотына аудару арқылы төленеді, – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.

Айта кетейік, аталмыш акция облыста жыл сайын өткізіліп тұрады. Өткен жылы шара аясында 50-ден астам азамат заңсыз сақталған 69 қару-жарақты тапсырған.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз