
ЖаңалықтарҚұқық
Атырауда заңсыз мұғалім болып жүрген нигериялық жауапкершілікке тартылды
Atr.kz/22 наурыз, 2019 жыл. Атырауда Нигерияның азаматы көші-қон саласындағы заңнаманың талаптарын бұзған.
«Индер ауданында жеке оқыту орталығында ағылшын тілін үйрету үшін шақыртылған Нигерия азаматы ҚР көші-қон саласындағы заңнамасының талаптарын сақтамағаны анықталды. Қазақстан аумағында болу визасы аяқталғанына қарамастан және еңбек етуге рұқсат қағазы болмаса да педагогтік қызметпен айналысып жүрген оған көші-қон полициясы ҚР ӘҚБтК 517-бабының 4 және 5-бөлімдері бойынша xаттама толтырылды, іс сотқа жолданды», — делінген хабарламада.
Шетелдіктің заңбұзушылығы 18-20 наурыз аралығында облыс көлемінде өтіп жатқан «Құқықтық тәртіп» шарасы кезінде анықталған.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі