Аймақ басшысы Н.Ноғаев бизнеске оқыту семинарларының тиімділігін арттыруға шақырды

WhatsApp Image 2018 02 05 at 16.24.50 2 e1517834961198 Жаңалықтар

Атырау облысында кәсіпкерлікке оқыған 750 адамның 130-ы ғана бизнесін бастаған,-деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-02-05 at 16.24.50 (2)

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың Исатай ауданына жұмыс сапары барысында өткізген көшпелі мәжілісте шағын және орта бизнестің дамуы айтылды.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметі бойынша, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Атырау облысында 2017 жылы несиелеуге 927 млн. теңге, кепілдікті қамтамасыз етуге 97,6 млн. теңге, «Бастау Бизнес» бағдарламасын жүзеге асыруға 51 млн. теңге бөлінген.

«Бағдарлама бойынша 750 адам оқытудан өтті. Оның 130-ы кәсіп ашты. Жас кәсіпкерлер мектебінде 40 адам оқыды, әрекеттегі бизнестерін дамыту бойынша 110 кәсіпкер оқытылды»,-дейді кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Айқын Елеусізов.

WhatsApp Image 2018-02-05 at 16.24.50 (1)

Аймақ басшысы бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде оқытылған адамдардың санына емес, оның нәтижесіне, тиімділігіне назар аудару керектігін айтты.

«750 ауыл тұрғынының бизнес туралы білім алғаны жақсы, бірақ солардың ішінен тек 130-ы ғана кәсіп ашқаны оның тиімділігі төмен болғанын көрсетеді. Адамдардың ынталарын, бизнеске бейімділігін ескеру керек. Қызылқоға ауданында 253 адам оқытудан өткен, нақты іс бастағаны 22 адам. Қалғандары неліктен тыс қалып қойды? Кәсіпкер болғылары келетін тағы да 231 адамға қандай көмек көрсете аламыз? Барлық жауапты органдар осы бағытта жұмыстанулары керек»,-деді Нұрлан Ноғаев.

WhatsApp Image 2018-02-05 at 16.24.50

Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев бұл проблеманы шешудің бір жолы ретінде ауылдық жерлерде бизнестің қажетті бағыттарына мониторинг пен талдау жүргізу керектігін ұсынды. «Содан кейін ғана оқыту семинарларының тақырыбы мен жоспарын жасау керек»,-деді ол.

«Жаңадан іс бастаймын деген кәсіпкерлердің жобаларына көмектесуге тиіспіз, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру керек. Өз тарапымыздан қызықты бизнес жобалар мен стартаптарды әрдайым қолдаймыз»,-деді Нұрлан Ноғаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз