Жарнама
Жаңалықтар

Атыраудағы велошеру

Атырау қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арнап қала ішілік велошеру маусымы ашылды. Оған барлығы 320 адам қатысты.

— Мұндағы мақсат – тұрғындар арасында табиғатқа деген жанашырлық сезімін ояту, жүргізушілерді көліктерін велосипедке айырбастауға үндеу. Сондай-ақ, жергілікті халықты бұқаралық спортпен айналысуға шақыру, — дейді аталған бөлім басшысы Марат Айтқалиев.

Кіші өнер Академиясынан бастау алған шеру Жеңіс паркіндегі Мәңгілік алауда өз мәресіне жетті. Веломаусым қыркүйек айына дейін ашық болып саналады.

Сонымен бірге, «Wheels Brothers MC Atyrau» мотоклубының қатысушылары қалада автокөлік жүргізушілеріне артқы айнаға қарауға үндеп, акция өткізді. Байкерлер бағдаршамға тоқтаған көлік иелеріне үндеу жазылған клуб буклеттері мен күнтізбелерін таратты.

— Көп жағдайда автокөліктер мотоциклдер мен велосипедтерге жол бермей жатады. Осылайша, олардың назарын бір сәт жол үстіндегі өзара құрмет пен сыйластыққа бұруға тырыстық, — дейді аталған мотоклуб президенті Олег Шмаль.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button